Заманауи медициналық қызмет: Көміршіде жаңа пункттің есігі ашылды: Алматы облысы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Заманауи медициналық қызмет: Көміршіде жаңа пункттің есігі ашылды

Республика күні қарсаңында Райымбек ауданындағы Көміршіде медициналық пункт есігін ашты — бұл ауыл тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызды оқиға. Ел игілігіне берілген бұл нысан, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жалпы құны 118 239 464,34 теңгені құрайды.

Медициналық пункттің жобаланған аумағы 3000 м²-ді қамтиды, оның ішінде ғимараттың құрылыс алаңы 288,55 м², көгалдандыру аймағы 1445,06 м², ал қаптау аймағы 1266,39 м² болады. Жаңа ғимараттың тікбұрышты пішіні, бір қабатты және жертөлесіз салынған. 13х18 м өлшемдерімен салынған пункт, өзінің жайлы бөлмелерімен және заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленеді.

Ғимараттың ішіне кіргенде, көз алдымызға заманауи медициналық жабдықтар мен жылулық шуағы шашылған кең бөлмелерді көрдік. Мұнда орта медицина қызметкерлерінің кабинеті, егу кабинеті, процедуралық кабинет, акушерлік қабылдау кабинеті, мүгедектер мен келушілерге арналған санитарлық тораптар, дәріхана пункті, қызметкерлерге арналған гардероб және жуу бөлмелері, сондай-ақ медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және құралдарды дезинфекциялау мен дайындау бөлмелері бар.

Әр бөлмеде санитарлық талаптарға сай раковиналар орнатылып, қызмет көрсету сапасы мен тазалыққа ерекше көңіл бөлінген. Бұл жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартуға, сондай-ақ аймақтағы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға арналған.

Көмірші ауылының тұрғыны Е.Нурмуханбетов: «Биылғы жыл біздің ауылымыз үшін өте табысты да қуанышты жыл болды. Ауылымызда көптің көңілінен шығатын еңсесі биік фельдшерлік амбулаториялық пункт салынды. Ел игіліне пайдалануға беріліп, қуанышымыз еселену де. Жеке-жеке кабинеттер заманауи техникалармен жабдықталған. Заман талабына сай соңғы үлгідегі салынған кешенде ем алушылар да халық та ризашылығын білдіруде. Егемен еліміздің болашағы жарқын болатынына зор сенімдімін»,-деп ризалық сөзін айтты.

Көмірші ауылының жаңа медициналық пункті — бұл тек ғимарат қана емес, сонымен қатар ауыл өміріндегі жаңа серпін. Көгалдандырылған аумақ, жасыл желектер мен гүлдердің иісімен толып, келушілер мен медициналық қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұнда әрбір тұрғынның денсаулығына көңіл бөлініп, жедел және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік туады.

Ауылдағы мектепте мұғалім болып істейтін Қ.Асанбаева: «Көмірші ауылында көптен күткен қуаныш орын алды. Тұрғындардың талап-тілегі мақұлданып, үстіміздегі жылы ауыл тұрғындарына арналған медициналық пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тұрғындар өз ауылынан осындай әлеуметтік нысанның ашылғанына дән риза. Ең бірінші адамның денсаулығы жақсы болуы керек. Ол үшін ақ халатты абзал жандар аянбай еңбек етеді деген сенім мол. Міне, бүгін тәуелсіздіктің ақ таңы атқан күні қуаныштың үстіне қуаныш қосылуда. Мерекелеріңіз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын»,- деген ізгі ниетін білдірді.

Осылайша, Көмірші ауылындағы жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бұл нысан — елдің денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерінің жарқын үлгісі, ауылдағы өмірдің сапасын арттыруға арналған сенімді бастама.

Ақпарат көзі: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар