Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті
Бүгін, 11 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.
Жиын барысында тарапқа Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылып, өңірдің мүмкіндіктері мен болашағын, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда саттық мәселелерін талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.
Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары екенін айтып, Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау болатынын жеткізді
- Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара сенімді әрі серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өзбекстанмен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың әлеуетін арттыруға жұмыстанамыз, - деді Ербол Ізбергенов.
Айта кетейік, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай нығайып, өзара тауар айналымы 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 5,8 млн АҚШ долларын құраған. Экспорт көлемі 3,2 млн АҚШ долларын, ал импорт 2,6 млн АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар сауда, логистика, құрылыс және басқа да экономикалық салаларда белсенді қызмет етуде.
Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -