Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр: Ақмола облысы, 02 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр

Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр

Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр

Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр
Зеренді ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қалай жүріп жатыр

Зеренді ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 75 күн ішінде ғимараттың екі қабаты көтерілді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 68 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Қабырғаларды тұрғызу, жылыту жүйесін орнату және өртке қарсы су қоймаларын жасау жұмыстары жалғасуда. Барлық жұмыс белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда.

Аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат екі блоктан тұрады. Мұнда күрес, бокс залдары, екі жаттығу залы және өзге де спорттық нысандар қарастырылған. Бас мердігер «УК Строй» ЖШС мәліметінше, қазіргі уақытта іргетас жұмыстары толық аяқталған. Қабырғалар көтеріліп, төбе плиталары төселіп жатыр. Сондай-ақ инженерлік желілер жүргізілуде.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылыс барысын тексеріп, нысанды 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, бұл спорт мектебінің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан елдегі алғашқы жобалардың бірі.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Зеренді ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 75 күн ішінде ғимараттың екі қабаты көтерілді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 68 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Қабырғаларды тұрғызу, жылыту жүйесін орнату және өртке қарсы су қоймаларын жасау жұмыстары жалғасуда. Барлық жұмыс белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда.</p> <p>Аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат екі блоктан тұрады. Мұнда күрес, бокс залдары, екі жаттығу залы және өзге де спорттық нысандар қарастырылған. Бас мердігер «УК Строй» ЖШС мәліметінше, қазіргі уақытта іргетас жұмыстары толық аяқталған. Қабырғалар көтеріліп, төбе плиталары төселіп жатыр. Сондай-ақ инженерлік желілер жүргізілуде.</p> <p>Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылыс барысын тексеріп, нысанды 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.</p> <p>Айта кетейік, бұл спорт мектебінің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан елдегі алғашқы жобалардың бірі.</p>

Аймақтағы жаңалықтар