Жүктелген міндеттер талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктелді. Осы жылдың 7 айында өңірге барлық көзден 296,1 млрд. теңге инвестициялар тартылды. Оның 75,6 пайызы – жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарлануда.Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Сыр өңірі өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны бойынша 2022 жылы республикада 11-орында болса, өткен жылдан бастап аймақтар арасында алдыңғы қатардан көрінді.Соңғы 2 жылда облыста 19,6 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылды. Биыл 31,3 млрд. теңгенің 14 жобасын жүзеге асыру, 409 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Одан бөлек, инвестицияның жаңа толқынын тарту мақсатында 77 млрд. теңгенің 6 жобасы бойынша жұмыс басталды.Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлық қаржы көзінен 34,5 млрд. теңге қарастырылды. Екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылуда. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы екі жылда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,4%, өнім шығару көлемі 1,7 есе, салықтық түсім 45,4% ұлғайып, кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 18,9%-ға жетті.Биыл аймақта 43,3 млрд. теңгеге 300 шақырымнан асатын жол жөндеуден өтеді. Осылайша сапалы жолдардың үлесі 87,5 пайыздан 92 пайызға жеткізіледі. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 6 900 орындық 10 мектеп пайдалануға беріледі.Өңірде Мемлекет басшысы айқындаған барлық тапсырмалар іске асырылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -