Жаңа цифрлық жобалар қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттырады
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, жаңа цифрлық жобалар туралы журналистердің сауалдарына жауап берді.
Ол «Digital Justice» (Цифрлық әділет) бағдарламасы аясында қаржыны және уақытты үнемдейтін, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын айтып өтті.
Бүгінгі таңда азаматтарға құқықтық кеңес беру бойынша жасанды интеллект (ЖИ) элементтері бар чат-бот әзірленді. Қазір ZAN Komegi мобильді қосымшасы тестілеуден және қосымша тексеруден өтуде.
ЖИ іске асыру мақсатында бюджет қаражатынсыз заң қызметтерін көрсету бойынша платформаларды әзірлеуге бағытталған ІТ-ұйымдардың өкілдерінен (zan bar, iprav, ҚарМУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ және т.б.) жұмыс тобы құрылды. Мысалы, adilet.zan, E-Zan Komegi, ΑӨΟ ААЖ және т.б. бірқатар салаларда ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жақын арада Freedom Bank-пен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында жылжымайтын мүлікті онлайн форматта тіркеу бойынша жобаны іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ министрлік ағымдағы жылы құқықтық сауаттылықты және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыс қаржылық және уақыт шығындарын үнемдей отырып, жаңа цифрлық уақыт жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -