Жаңа сервис: ХҚКО жеке менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алу
Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алатынын ескеру қажет.
Айта кетейік, пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ, өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысатын болады.
«Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізуде. Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған болатынбыз. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы", - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу жобасын да іске асырған болатын. Қазіргі уақытта 144 мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар жеткізіледі. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостиль қойылған құжаттар, мұрағаттық анықтамалар беру қызметтері бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -