«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек
Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында айтылды.
Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын «Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан» жолы орташа жөндеуден өтеді. Бұл Кендірлі курорттық аймағы мен Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
IV техникалық санатқа жататын жолдың кейбір бөлігі бүлінген. Мұнда жөндеу жұмыстары аясында жол жабынының құрылымын нығайтып, бетін жаңарту жоспарлануда.
Кендірлі курорттық аймағы – Маңғыстау облысының танымал орындардың бірі. Облыс басшылары Олжас Бектеновке туристер санын арттыруға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарларын баяндады. Жоспар аясында Кендірліде халықаралық әуежай салу көзделген. Сонымен қатарқуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 су тұшытатын зауыттың құрылысы жүруде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -