Жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ГЭС түрлері бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы
2024 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 20 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 11 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 23.23 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 38 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Сауда-саттық жеңімпаздары:
«Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 38 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 39.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 40 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 40.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Electrical Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 41.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Turan Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.2 МВт, аукциондық бағасы 41.18 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, USAID және және АХҚО өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
Жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 15 қарашаға жоспарланған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -