Жамбыл облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы
17 мамыр күні Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының аумағында терроризмге қарсы Т.Рысқұлов аудандық жедел штабымен «Құлан-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Т.Рысқұлов аудандық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -