Жанна Есенбекова Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Жанна Рашидқызы Есенбекова ҚР СИМ ТРМК төрағасы болып тағайындалды.
Жанна Есенбекова 1982 жылы 25ақпанда туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын меңгерген.
2002-2004 жылдары еңбек жолын Қарағанды облысының Әділет департаментінде жетекші маман ретінде бастады.
2004-2005 жж - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментінде бас маман болып жұмыс істеді.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы басқармасына бас маман болып ауысты.
2005-2008 жж- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология басқармасының халықаралық ынтымақтастық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болды.
2008-2012 жж- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік қадағалау, іс жүргізу және мемлекеттік тіл мониторингі басқармасының бастығы.
2012-2013 жж- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік бақылауды мониторингтеу және талдау басқармасының басшысы.
2013-2015 жж- ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік бақылауды мониторингтеу және талдау басқармасының және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік бақылауды мониторингтеу және талдау басқармасының басшысы.
2015-2017 жж - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ішкі әкімшілік басқармасының басшысы.
2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2018 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ТРМК төрағасының орынбасары болып қайта тағайындалды, ал 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ТРМК төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -