Жас алматылықтар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің сапын толықтырмақ
Алматыда 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жас буынды әскерге салтанатты түрде шығарып салды.
Іс-шараға Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, әскери-техникалық мектептің, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.
– Қазіргі уақытта біз Шекара қызметінің бөлімшелерін жасақтадық. Енді Қарулы күштерді жасақтау басталды. Бұл қорғаныс ведомствосының әскери бөлімдеріне жөнелтілетін алғашқы лек, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Өзехан.
Әскерге шақырылушылар Десанттық-шабуылдау әскерлеріне борышын өтеуге аттанады. Әскер қатарына алынғандарға Қарулы күштердің ардагерлері мен ата-аналары өз тілектерін білдірді.
– Ұлыма сенемін. Жауапкершілігі мол. Өзіне бала кезінен әскери мамандық ұнайтын, сондықтан оның көңіл-күйі де жақсы, – деді әскерге шақырылушының анасы Гүлшат Мелькова.
Естеріңізге сала кетсек, күзгі науқан барысында Алматыдан мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Жастар Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, Мемлекеттік күзет қызметінде және Ұлттық ұланда қызмет өткеретін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -