Жасыл ел жасағы Бұқар Жырау ауданындағы Көкпекті өзенінің арнасын тазартты
Бұқар Жырау ауданының Көкпекті ауылдық округінің "Жасыл ел" еңбек жастар жасағының жауынгерлері
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Көкпекті өзені арнасының аумағын тазартты.
— Біз үшін бұл челлендж сияқты. Барлығы Ботақара ауылынан басталды — Нұра өзені арнасының аумағын тазарттық, Петровкада жалғастырдық, содан кейін Көкпектіні тазаладық. Акцияға 90- ға жуық адам қатысты, — деді Бұқар Жырау ауданы ЖРО директорының м. а. Жанболат Жаңбырбаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -