«Жат ағымның алдын алу» басты мақсат
2024 жылдың қазанында Қызылорда облыстық діни істер басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырыуымен Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі №144 орта мектебінде «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-мамандары О.Нарымбетов пен Е.Байназаров қатысып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, балаларды рухани иммунитетке баулу, кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері отбасының, қоғамның және мемлекеттің күш жігерін шоғырландыруды қамтамасыз ету қажеттігінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласы аумағында орналасқан жеке және мемлекеттік білім беру орындарында (мектептерде) терроризм және діни экстремизімнің алдын-алуға бағытталған және діни сауаттылықты арттыру мақсатында, профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған іс-шара жергілікті халық тарапынан оң қабылданып, қатысушылардың діни сауаттылығын арттыруға өз ықпалын тигізді.
Кездесу соныңда, ата-аналар тарапынан теолог мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, толыққанды жауаптарын алуға қол жеткізді.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -