Жедел ақпарат
Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды.Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат нақтылануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -