Әжелер ұршық иіріп, шеберліктерін көрсетті
Бүгін Наурызнама тұжырымдамасы аясында 17 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ақтөбе қалалық мәдениет сарайында «DASTUR - FEST» салт-дәстүрлер фестивалі өтті.
Салт-дәстүрлер фестивалі тақырыпқа сай безендірілген Қалалық мәдениет сарайының фойесі «Ұршық патимен» басталды. Халықтық ұжым «Атамекен-Асылым» ансамблінің 20 әжесі ұршық иіріп, көрермендерге шеберлік сағаттарын көрсетті.
«Гауһар тас» қолөнер үйірмесінің қол өнер бұйымдарынан көрме, тері өңдеу, ағаш шеберлігі бұйымдарынан шеберлік алаңдары орналастырылды.
Фестиваль барысында «Дәстүрге жол», «Ұлттық әшекейлер – әсемдік символы», «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра», «Ұлттық қолөнер үлгісі» алаңдары ұйымдастырылып, «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарасты мәдениет үйлерінің қатысуымен салт-дәстүрлерден қойылымдар қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -