ЖЕТІСАЙДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ: Түркістан облысы, 12 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолды санитарлық тазарту, жұмыстарына 850 тұрғын қатысып, жалпы 5 техника жұмылдырылды. -

Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және өздері мекен ететін тұрғылықты жерлерінің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалының мол екенін насихаттайтын сенбілік жұмыстарына қатысушылардың қатары күн санап артып келеді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға жастармен бірге ауыл ақсақалдары, билері, белсенді азаматтары барынша атсалысып, үрдіске айналдырып та үлгерген дейді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов. Айта кетейік, бұған дейін де аудан көлемінде тазалық жұмыстарын жүйелендіру мақсатында коммуналды сала қызметкерлері мен ауыл билерінің, аудандық полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек аудан аумағындағы көпшілік орындарда тазалық сақтау, санитарлық талаптарды орындауға шақыратын үнпарақшалар ілінген, бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл бірінші кезекте қоғамды қоқыстан тазартуға, тұрғындардың мәдениеттілігі мен тазалық шараларын сақтауға жетелейтін оң шешім. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жалғасатын болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолды санитарлық тазарту, жұмыстарына 850 тұрғын қатысып, жалпы 5 техника жұмылдырылды. - <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және өздері мекен ететін тұрғылықты жерлерінің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалының мол екенін насихаттайтын сенбілік жұмыстарына қатысушылардың қатары күн санап артып келеді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға жастармен бірге ауыл ақсақалдары, билері, белсенді азаматтары барынша атсалысып, үрдіске айналдырып та үлгерген дейді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов. Айта кетейік, бұған дейін де аудан көлемінде тазалық жұмыстарын жүйелендіру мақсатында коммуналды сала қызметкерлері мен ауыл билерінің, аудандық полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек аудан аумағындағы көпшілік орындарда тазалық сақтау, санитарлық талаптарды орындауға шақыратын үнпарақшалар ілінген, бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл бірінші кезекте қоғамды қоқыстан тазартуға, тұрғындардың мәдениеттілігі мен тазалық шараларын сақтауға жетелейтін оң шешім. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жалғасатын болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар