Жетісу облысы кәсіпкерлерінің назарына!
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру
Ұйымдастырушы:
«Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ
Орналасқан жері:
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 26, 1 қабат.
Байланыс телефоны:
8 (7282) 32-93-92, 87472100700.
Өтінімдерді қабылдау нысанасы:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу.
Өтінімдерді беру орны:
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 26, 1 қабат, 108 кабинет.
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:
2024 жылдың «1» қыркүйектен бастап 2024 жылдың «15» қыркүйекке дейін
Өтінім берудің басталу күні:
2024 жылдың «1» қыркүйек.
Өтінім берудің аяқталу күні:
2024 жылдың «15» қыркүйек.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдер;
- зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);
- балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін;
- қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;
- қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
- аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
- наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
- қандастар.
2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
- азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;
- коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеуметтік қызметтер.бейімдеу, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер;
- медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу
- мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру
- қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары
- мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу
4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:
- отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бал. және әлеуметтік. оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу;
- әлеуметтік оқыту. біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік КЕҰ қызметкерлері мен еріктілері;
-мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
- қоршаған ортаны қорғау;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
Конкурстық құжаттамамен Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial?lang=kk
сілтеме бойынша таныса аласыз.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -