Жетісу облысында 5 айда VIP-нөмірлерге 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды
2024 жылы Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ғы арқылы 100 ге жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2023 жылмен салыстыратын болсақ, жетысулықтар 5 айда VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 19 млн тенгеден асқан. Еске сала кетсек, ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.Халықтың арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19, 999 AAA 19 номерлеріне сұраныс жоғары. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.Естеріңізге сала кетейік, Жетісу облысы бойынша қазіргі уақытта Талдықорған қаласында мамандандырылған ХҚКО және Сарқан, Панфилов аудандарында сектор жұмыс істейді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 5 айында мамандандырылған ХҚКО-да30 мыңнан астам көлік тіркеліп, 9 мынға жуық жүргізуші куәлігі берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -