Жетісу облысында жыл соңына дейін мемлекет қолдауымен 4 117 отбасы қолжетімді баспанаға ие болады
В области Жетісу до конца года по всем направлениям доступное жилье получат 4 117 семей, в том числе 200 многодетных и 300 социально уязвимых семей. Из них арендное – 678, льготное кредитное – 1802, программы «Жетісу жастары» – 50, «Жерұйық» – 66, а также для собственников аварийного жилья – 95, приобретение арендного жилья для СУСН – 866 и за счет спонсоров – 560, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу.
Жыл соңына дейін барлық бағыттар бойынша 4 117 отбасы қолжетімді баспанаға ие болады, оның ішінде 200-і көп балалы, 300-і әлеуметтік осал отбасы тобынан. Атап айтқанда, жалгерлік - 678, жеңілдетілген несиелік – 1802, «Жетісу жастары» бағдарламасымен - 50, «Жерұйық» бағдарламасымен – 66, апатты тұрғын үй иелері үшін – 95, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалгерлік тұрғын үй сатып алу – 866, демеушілер есебінен – 560, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі..
Бұл ретте әсіресе Талдықорған қаласында тұрғын үй мәселесі өзекті саналады. Бүгінгі күні облыс орталығында 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Кезектегі азаматтарды баспанамен қамту ісін ілгерілету мақсатында құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді.
Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, биыл бюджет қаржысы есебінен Талдықорғанда 56,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтқанда, 108 пәтерлік 4 үйі жалгерлік, 590 пәтерлік 17 үйі несиелік болмақ. Солардың ішінде қаланың 9-шы шағын аудандағы бес, жеті және тоғыз қабатты жалпы саны 89 пәтерлік үй 2024 жылдың ақпан айында салына бастап, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 90% аяқталған.
- Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1 млрд. 778 млн. теңге. Тұрғын үйді салу барысында отандық құрылыс материалдары пайдаланылды. Бұл үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Қазіргі кезде линолеум төсеу, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды қыркүйек айына тапсыру жоспарланған, содан кейін жаңа шағын ауданды тұтас қамти отырып, абаттандыру жұмыстары басталады, - деді Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Марлан Қалиев.
Атап өтсек, өткен жылы тұрғын үйді пайдалануға беру Талдықорғанда рекордтық көрсеткішке жетті. Соның арқасында кезекте тұрғандардың шамамен 12-13%-ы баспанаға ие болды. Ал облыс бойынша 2022-2023 жылдары мемлекеттің қолдауымен және демеушілердің көмегімен 2100-ден астам отбасы тұрғын үйге ие болды, соның ішінде 700-і көп балалы, 751-і әлеуметтік осал топқа жататын отбасы және 100-і жетім бала санатындағылар.
Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында 349,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 2023 жылғы деңгейден 8,2%-ға артық, соның ішінде 1175 пәтерлі, аумағы 99 мың шаршы метр болатын 37 үй бюджет есебінен іске қосылады. Еске салсақ, осы жылдың 7 айында өңірде 134,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -