Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасына Жауынгерлік ту табысталды
Талдықорғанда облыстың аумақтық қорғаныс бригадасына Жауынгерлік ту тапсыру рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грамотасының мәтінін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оқыды.
Әскери қызметшілерді құттықтай отырып, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жауынгерлік ту әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың ерліе дәстүрлері мен қасиетті борышын еске салатынын атап өтті.
– Жауынгерлік ту - әскери бөлімнің жауынгерлік мақсатының, тарихы мен сіңірген еңбегінің, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне тиесілілігінің куәлігі. Әскери ар-намыстың, ерлік пен даңқтың нышаны әрқашан жоғары көтерілсін, - деді генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -