Жетісу спортшылары Әлем Кубогында жүлделі болды
Жуырда 5-12 мамыр аралығында Тайландтың Паттайя қаласында тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен өткен Әлем Кубогында үш жетісулық спортшы топ жарды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл әлемдік жарысқа 33 елден 150-ден астам спортшы қатысқан. Бұл бәсекеде жетісулық спортшылар – Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы Раушан Қойшыбаева, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Айгерім Айдарқызы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рахметжан Хамаев жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, Раушан Қойшыбаева үздік нәтиже бойынша да, жалпы нәтиже бойынша да, сол сияқты ардагерлер арасында да І орынды, оған қоса арнайы «Легенда» номинациясының да І орнын жеңіп алды. Ал Айгерім Айдарқызы жасөспірімдер арасында және жалпы нәтиже бойынша І орын, ересектер арасында ІІІ орынды иеленді. Рахметжан Хамаевтың жетістігіне келсек, ол үздік нәтиже бойынша ІІ орын, жалпы нәтиже бойынша ІІІ орынға ие болды.
Еске салсақ, бұл Әлем Кубогына Жетісу облысынан үш спортшы аттанған болатын.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуретті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -