Жетісу университеті Польша университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Польшаның Слупск қаласындағы Помор университетінің ректоры Збигнев Осадовский мен проректоры Данута Герчинска келді.
Кездесу барысында Жетісу университетінің Басқарма төрағасы - ректор Ермек Бөрібаев пен Помор университетінің ректоры Збигнев Осадовский екі университет арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Польшалық делегация университеттің оқытушы-профессорлық құрамымен пікір алмасып, екі елдің білім және ғылым саласының дамуы туралы ой бөлісті.
«Бүгінгі кездесу екі жоғары оқу орны арасындағы байланысты ресми түрде бекітіп, алдағы уақытта білім және ғылым саласындағы бірлескен қызметімізге жол ашады. Студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлер оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар үшін бірлескен жобалар, зерттеулер мен әзірлемелерді іске асыруға кіріседі. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін», - деді ректор Ермек Бөрібаев.
Меморандум аясында екі тарап академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқытушылар мен студенттерді алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университеттің басқа да академиялық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуге келісті.
Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты
ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ПОЛЬША УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ (www.gov.kz)
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -