Жетісуда 7 айда шағын, орта бизнесте өнім шығару мен қызмет көрсету көлемі 40%-ға өсті
Жетісу облысында өткен 7 айда
шағын және орта бизнесте
өнім
мен
қызмет
көрсетукөлемі
өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40%-ға
өсіп,
250млрд
.теңгені
құрады. Жалпы бұл секторда бүгінгі күні 60мың
субъект бар және онда 108мыңнан
астам
адам
жұмысістейді
, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биылғы жылы өңірдің шағын және орта бизнес саласын қолдауға
7,4млрд. теңге бөлінді, соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру, инженерлік инфрақұрылым жүргізу түрінде қолдаулар жасалды.
Ал талдықорғандық кәсіпкер
Нұрдәулет Ақкөз«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы
пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатынжеңілдетілген несие алған. Сөйтіп ол
айына 140 тонна полиэтилен құбырларын шығаратын «Полиммер Piре» кәсіпорнын іске қосты. Оған жалпы көлемі 106 млн. теңге инвестиция тартылған.- Су, газ желілеріне қажетті диаметрі 15 мм-ден 160 мм-ге дейінгі, ұзындығы тапсырыс берушінің өлшемі бойынша дайындалатын құбырлар шығарыламыз. Тауарларымыздың сапасы халықаралық талаптарға сай. Қазір құбыр өндіретін шикізаттарды Иран, Қытай, Ресей елдерінен әкеліп отырмыз. Алдағы уақытта қажетті шикізат шығаратын зауытты өзіміз ашсақ деген де ой бар. Бұл мақсатымыз орындалса, өнімнің бағасы арзандап, сұраныстың артатынына сенімдіміз. Жуырда пластмассаны қайта өңдейтін станок әкелуді жоспарлап отырмыз. Ал болашақта полиэтилен пластмассадан жасалатын басқа да өнімдерді шығарсақ дейміз, – дейді «Полиммер Piре» ЖШС құрылтайшысы Нұрдәулет Ақкөз.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, алдағы уақытта жұмысшылар санын 10 адамға жеткізу жоспарда бар.
– Құбыр өндіруге жоғары, орта, төмен қысымды полиэтилен қолданылады. Көбінде су және газ желісін тартуға қолданылатын төмен қысымды полиэтилен шикізатын пайдаланамыз. Жұмыс барысы бірнеше бөлікке бөлінеді. Әрбір құрылғының өз қызметі бар. Бірі шикізатты сорғыш арқылы станокка жеткізсе, екіншісі балқытады, суытады, үшіншісі құбыр шетіне түрлі түсті сызықтарды өрнектейді, ары қарай, зауыттың атауы, өндірілген уақытын және қосымша ақпараттар лазер арқылы құбыр бетіне таңбалайды, – дейді зауыт жұмысшысы Вячеслав Козырев.
Атап өтсек, Жетісуда газдандыру мен су жүйесін жаңғырту жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын ескерсек, мұндай кәсіпорынның ашылуы сапалы отандық материалдарды пайдалану мүмкіндігін арттыратыны сөзсіз.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жумабай Мусабеков
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -