Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңі бойынша өтініштер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды
Жоғары Сот Кеңесі үстіміздегі жылы 24 желтоқсанда жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың кезекті кезеңінің қорытындылары бойынша 91 кандидатты резервке қабылдады.
Сонымен, қазіргі уақытта судьялық кадр резервінде 164 кандидат тұр.
Судьялық кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Кезең-кезеңмен іріктеу нәтижелерінің шығарылуына қарай резерв оған жаңа кандидаттарды қабылдау есебінен үнемі жаңартылып отырады. Бұл ретте жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына тағайындалғанда, сондай-ақ Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағида) көзделген жағдайларда резервшілер резервтен шығарылады.
Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесі кадр резервін қалыптастырудың келесі кезеңін бастайды және 2025 жылғы 6 қаңтарда жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне тұруға өтініштер мен құжаттар қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 19 ақпан.
Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының біліктілік талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті бар жұмыс істеп жүрген судьялар қабылданады.
Кадр резервін мынадай лауазымдар бойынша қалыптастырады:
1) аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы;2) облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы;3) облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқаларының төрағалары;4) облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы;5) Жоғарғы Соттың судьясы;6) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары.
Кадр резервіне тұруға мыналар құқылы:
1) аудандық сот төрағасының лауазымына – тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттері бар судьялар;2) облыстық сот судьясының лауазымына – заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе судья қызметінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз судьялар;3) облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен төрағасының лауазымдарына – тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеттері бар облыстық соттардың судьялары, сондай-ақ судья қызметінде кемінде он жыл жұмыс өтілі бар судьялар;4) Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – заңгерлік мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі, оның кемінде он жылы судья қызметінде, оның ішінде бес жылы облыстық сот судьясы қызметіндегі жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз судьялар;5) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – Жоғарғы Сот судьялары тұруға құқылы.
Кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдар өзі резервке тұруды қалайтын лауазымды көрсетіп, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш ( нысанын жүктеп алу) береді. Бұл ретте, лауазым санатына қарай сот алқасының, соттардың атауы, сондай-ақ өзі жұмыс істеуді қалайтын республика өңірлері міндетті түрде көрсетілуге тиіс:
1) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – бөлек, әрбір алқа бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік істер жөніндегі) жеке;2) Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына – бірыңғай резерв, маманданымына байланысты емес;3) облыстық сот төрағасының лауазымына – бірыңғай резерв, облыстық соттың орналасқан жеріне байланысты емес;4) облыстық соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – бөлек, әрбір алқа бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік істер жөніндегі);5) облыстық сот судьясының қызметіне – әрбір облыстық сот бойынша бөлек резерв;6) аудандық сот төрағасының лауазымына – бірыңғай резерв, маманданымына және соттың орналасқан жеріне байланысты емес.
Бірнеше облыстық, барлық облыстық, барлық сот алқаларын көрсетуге болады.
Тиісті білімі болған жағдайда, бір адам лауазымдардың бірнеше санаттар бойынша (мысалы, азаматтық және қылмыстық алқа төрағаларының лауазымдарына) немесе бірненше облыстар бойынша резервте тұра алады.
Судья оны кадр резервіне қабылдау туралы мәселені қарау үшін Кеңеске электрондық түрде өтінішін, ЭЦҚ қойылып, Төрелік АЖ арқылы жібереді. Өтініште судьяның Т.А.Ә., лауазымы, байланыс нөмірі, берген күні көрсетіле отырып, Кадр резерві төрағасының атына өтініш жазады.
Комиссия судьяның жұмыс көрсеткіштерін, тәртіптік жауапкершілікке тартылуы туралы, оның іс-әрекеттеріне түскен шағымдар туралы, жоғары тұрған сот сатыларының ескерту хаттары туралы және облыстық соттардың жалпы отырыстарында болған талқылаулар туралы мәліметтерді (мазмұны қысқаша баяндалып, қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар көрсетіледі) облыстық соттардан өзі сұратады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Өтініштер мен көрсетілген құжаттар ағымдағы жылғы 5 қыркүйекке дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Анықтама үшін телефон: 8(7172) 74-91-03.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -