ЖОО-ға гранттар мен стипендиялар: әскери қызметшілерге арналған білім беру жеңілдіктерінің жаңа ережелері бекітілді
Қорғаныс министрлігі білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеудің жаңа ережелерін бекітті.
Енді мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер мемлекеттік гранттардың иегері атанып, стипендия ала алады.
Жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеудің маңызды критерийлерінің бірі – жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі. Ол жарғыларды, мемлекеттік-құқықтық, саптық, дене шынықтыру және атыс дайындығының нәтижелерін бағалайтын бақылау және қорытынды тексерулер барысында ай сайынғы бағаларды шығару жолымен айқындалады.
Кешенді бағалау жеке тәртібін, арнайы міндеттерді орындау сапасын, психологиялық және оқуға дайындығын анықтау тұрғысынан тестілеуден өткенін ескере отырып шығарылады. Психологиялық дайындық туралы нәтиже мерзімді әскери қызметтің қорытындысы бойынша бір рет жасалады.
Жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларының ай сайынғы рейтингін бөлімше командирі журналда жүргізеді. Барлық көрсеткіштер ай сайын «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Жаңартылған қағидалар бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздар таңдалған білім беру бағдарламаларының тобына байланысты екі пән бойынша тестілеуден өтуі қажет.
Осыған байланысты конкурстық іріктеуге қатысатын әскери қызметшілерге әскери қызмет міндеттерін орындаудан бос уақытта тест тапсыруға дайындалуға мүмкіндік беріледі.
Тестілеу электрондық форматта мерзімді әскери қызметтің алты айы өткенде, уәкілетті органмен келісілген кезеңдерде және қызмет аяқталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жүргізіледі.
Тестілеуді электрондық форматта өткізу үшін әр бөлімде жұмыс орындары жабдықталады. Тестілеу процесі бейнеге жазылады. Бұл ретте бейнежазба бір жыл сақталатынын айта кету керек. Тестілеу нәтижелері конкурстық іріктеудің басқа кезеңдерінің көрсеткіштерімен жинақталады.
Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілерін конкурстық іріктеу қағидалары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Конкурс бойынша үздік шыққандар стипендиямен және басымдық тәртібімен жатақханамен қамтамасыз етілетінін айта кеткен жөн. Бұл артықшылықтар заңмен бекітілген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -