Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
1 тамыз күні Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының аумағында терроризмге қарсы Жуалы аудандық жедел штабымен «Б.Момышұлы-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -