Жыл сайынғы форумда сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері айтылды: Алматы қаласы, 03 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жыл сайынғы форумда сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері айтылды

Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған жыл сайынғы Сақтандыру форумы өтті.

Іс-шараға Агенттіктің, сақтандыру нарығының өкілдері, сақтандыру саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі және СТКҚ аналогы болып табылатын Испанияның Сегурос Ұлттық Өтемақылар Консорциумы (Consorcio de Compensación de Seguros) сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Панельдік сессиялар шеңберінде қатысушылар сақтандыру нарығын реттеу бағыттарын, апаттық сақтандыру модельдерін құрудағы үздік халықаралық тәжірибелерді, өмірді сақтандыру саласын дамытудың негізгі аспектілерін және сақтандыру саласын цифрландыруды дамыту жолдарын талқылады.

Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева өз сөзінде сақтандыру секторындағы жаңалықтар туралы айтып, саланы дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Атап айтқанда, соңғы жылдары сақтандыру өнімдерінің желісі едәуір кеңейтілді, сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеу рәсімін енгізуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру міндеттері іске асырылды. Сақтандыруды цифрландыруды дамытуда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Биылдан бастап шағын ЖКА бойынша сақтандыру жағдайларын жеңіл реттеу (Еурохаттама), сондай-ақ сақтандырудың барлық міндетті сыныптары бойынша онлайн реттеу қолданылады.

«Бүгінгі таңда Агенттік үшін сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, сақтандыру өнімдерінің тізбесін кеңейту, секторды цифрландыруды дамыту және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру негізгі басым бағыттар болып қала береді», – деп атап өтті Мария Хаджиева.

Сақтандыру форумы сақтандыру саласын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау, тәжірибе, сараптамалық пікір алмасу және жаңа кәсіби байланыстар орнату үшін маңызды алаңға айналды.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған жыл сайынғы Сақтандыру форумы өтті.

Іс-шараға Агенттіктің, сақтандыру нарығының өкілдері, сақтандыру саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі және СТКҚ аналогы болып табылатын Испанияның Сегурос Ұлттық Өтемақылар Консорциумы (Consorcio de Compensación de Seguros) сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Панельдік сессиялар шеңберінде қатысушылар сақтандыру нарығын реттеу бағыттарын, апаттық сақтандыру модельдерін құрудағы үздік халықаралық тәжірибелерді, өмірді сақтандыру саласын дамытудың негізгі аспектілерін және сақтандыру саласын цифрландыруды дамыту жолдарын талқылады.

Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева өз сөзінде сақтандыру секторындағы жаңалықтар туралы айтып, саланы дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Атап айтқанда, соңғы жылдары сақтандыру өнімдерінің желісі едәуір кеңейтілді, сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеу рәсімін енгізуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру міндеттері іске асырылды. Сақтандыруды цифрландыруды дамытуда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Биылдан бастап шағын ЖКА бойынша сақтандыру жағдайларын жеңіл реттеу (Еурохаттама), сондай-ақ сақтандырудың барлық міндетті сыныптары бойынша онлайн реттеу қолданылады.

«Бүгінгі таңда Агенттік үшін сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, сақтандыру өнімдерінің тізбесін кеңейту, секторды цифрландыруды дамыту және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру негізгі басым бағыттар болып қала береді», – деп атап өтті Мария Хаджиева.

Сақтандыру форумы сақтандыру саласын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау, тәжірибе, сараптамалық пікір алмасу және жаңа кәсіби байланыстар орнату үшін маңызды алаңға айналды.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар