Жылжымайтын мүліктің мекенжайын меншіктеу немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді
Бұдан былай тұтынушылар жылжымайтын мүліктің мекенжайын меншіктеу немесе жоюды eGov.kz порталында онлайн жүзеге асыра алады. Процесстің автоматтандырылуы анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мекенжайды меншіктеу жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік нысаны мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
- «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын меншіктеу/жою» қызметін таңдау;
- қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды меншіктеу/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -