20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам (бұдан әрі – МбА) қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 106,8 мың адам жұмыспен қамтылған (28%).

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 5,9 мың адам, жастар практикасына – 505 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 654 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 828 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 183 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 6 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 272 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 5 мың адам қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,4 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 1470 мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 71 арнайы жұмыс орны құрылды.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам (бұдан әрі – МбА) қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 106,8 мың адам жұмыспен қамтылған (28%).

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 5,9 мың адам, жастар практикасына – 505 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 654 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 828 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 183 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 6 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 272 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 5 мың адам қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,4 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 1470 мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 71 арнайы жұмыс орны құрылды.

Аймақтағы жаңалықтар