200-ден астам болашақ қолданбалы бакалаврлар республикадағы электромобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету жөніндегі бірінші тренинг-орталықта біліктілігін арттырады
Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі - өңірдегі сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жетекші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі.
Колледж басшылығы әрқашан бірнеше қадам алда ойлайды, оған дәлел ретінде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі бірегей тренинг-орталықтың ашылуы.
Тренинг-орталық заманауи технологиялар мен уақыт шындығына сәйкес мамандарды даярлау мақсатында құрылған.
«Мен мұнда оқығанды ұнатамын, өте керемет сезімдемін. Электромобиль мен кәдімгі автомобильде үлкен айырмашылық бар. Жұмыс істеп тұрған электромобильдер қоршаған ортаға зиян тигізбейді, бұл өте маңызды. Болашақта өзімді үлкен сұранысқа ие жоғары білікті маман ретінде көремін», - дейді колледждің 4 курс студенті Дамир Хайруллов.
Тренинг-орталықтың ашылуы - Оңтүстік Кореяның «WOOSONG» білім беру қорымен меморандум шеңберінде жоғары техникалық колледж бен Ақмола облысы әкімдігінің көп жылғы ынтымақтастығының нәтижесі.
«Оңтүстік Кореяның «WOOSONG» білім беру қорының арқасында ашылған электромобильдер зертханасында қазір 200-ден астам студент оқиды. Колледж оқытушылары алдын ала курстардан өтіп, студенттерге сабақ беру құқығына ие болды. Бұл оқу блоктары «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша, соның ішінде осы мамандық бойынша қолданбалы бакалавриат, «Машина жасау» және біздің колледждің басқа да мамандықтары бойынша өтеді», - деп бөлісті оқу орнының арнайы пәндерінің оқытушысы Виталий Саулиди.
Заманауи тренинг - орталық көліктің экологиялық таза түріне қызмет көрсету бойынша дамушы сала үшін білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік беретін қажетті жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Айта кетейік, колледжде қазіргі кезде 2500 артық студент білім алуда, ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс салаларына арналған құрамдас бөліктер, төсеніштер мен тротуар плиткалары, корпустық және жұмсақ жиһаздар өндірісі де жолға қойылған. Колледж студенттері облыс кәсіпорындарының тапсырысы бойынша 200-ден астам өнім шығарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -