Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің үздік өкілдері марапатталды: Ақмола облысы, 20 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің үздік өкілдері марапатталды

Өңірде бағалы білім мен тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар көп.

Республикалық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік награда алғандардың қатарында зоотехниктер, шопандар, технологтар мен комбайншылар бар екенін атап өтті. Жалпы, Қазақстан бойынша 100-ден аса адам марапатталды. Адал еңбекті дәріптейтін мұндай тұлғалар жастарға үлгі болуда.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бірінші өңірлік форум барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері өңір экономикасының тірегі екенін және олардың еңбегі жоғары құрмет пен ризашылыққа лайық екенін айтты. Мереке қарсаңында Президенттің Жарлығымен тоғыз ақмолалық аграрий мемлекеттік награда алды.

Өндіріс озаттары – сауыншылар, механизаторлар, агрономдар, жүргізушілер, құс өсірушілер және басқа да ерекше еңбек нәтижесіне қол жеткізгендер құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Өңірлік Форум аясында саланың дамуына елеулі үлес қосқан Городецкий, Райский және Каспиев еңбек әулеттеріне автокөліктер сыйға тартылды.

«Біздің өңірде құнды білім мен тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар жеткілікті. Түркиндер, Әріповтер, Закусиловтар, Ысқақовтар, Мұқышевтер және Құрманқұловтар әулеттері ауыл шаруашылығында өз істерін табысты жүргізуде. Бұл ұрпақтар сабақтастығының ғана емес, өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің де үлгісі. Бұл отбасылық құндылықтар мен кәсіби көзқарасты ұштастыратын еңбек жолы», – деп атап өтті өңір басшысы.

«Бұл көлік менің отбасыма сыйлық болып қана қоймай, біздің ұрпақтың символы болады. Жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасалған «Агрофирма ТНК» ЖШС-де ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Еңбегімізді бағалап, сенім артқандарыңызға көп рахмет», – деді өз жауабында Еңбек әулетінің басшысы Сергей Райский.

Алғаш рет бірқатар аграрийлер «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында механизаторлар Дүйсембай Ысқақов пен Владимир Герасимов, Социалистік Еңбек Ерлері Есілбай Қадралин мен Валентин Щербаков, еңбек адамы, Біржан сал ауданының құрметті азаматы Алтынай Базылова бар.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар