2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Астана қаласы, 25 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындылары шығарылды.

Бұл конкурстар жыл сайын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымда дарынды жастарды тарту және бекіту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру үшін өткізіледі.

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша барлығы 541 конкурстық өтінім ұсынылды. Оның ішінде 260 өтінім шекті балл жинады және Ұлттық ғылыми кеңестермен (ҰҒК) қаралды. Нәтижесінде жалпы сомасы 8,78 млрд теңгеге 103 жоба (өткен ҒТСЖ санының 40%-ы) 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданды.

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша 746 өтінім берілді, оның ішінде 571 өтінім ҒТСЖ-қа жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша 343 өтінім шекті деңгейге көтеріліп, ҰҒК қарауына жіберілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге 225 жоба (өткен ҒТСЖ санының 65%) постдокторанттар үшін қаржыландыруға мақұлданды.

Гранттар экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; энергия, озық материалдар және көлік; озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар; елдің зияткерлік әлеуеті; өмір және денсаулық туралы ғылым; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша бөлінді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындылары шығарылды.

Бұл конкурстар жыл сайын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымда дарынды жастарды тарту және бекіту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру үшін өткізіледі.

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша барлығы 541 конкурстық өтінім ұсынылды. Оның ішінде 260 өтінім шекті балл жинады және Ұлттық ғылыми кеңестермен (ҰҒК) қаралды. Нәтижесінде жалпы сомасы 8,78 млрд теңгеге 103 жоба (өткен ҒТСЖ санының 40%-ы) 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданды.

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша 746 өтінім берілді, оның ішінде 571 өтінім ҒТСЖ-қа жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша 343 өтінім шекті деңгейге көтеріліп, ҰҒК қарауына жіберілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге 225 жоба (өткен ҒТСЖ санының 65%) постдокторанттар үшін қаржыландыруға мақұлданды.

Гранттар экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; энергия, озық материалдар және көлік; озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар; елдің зияткерлік әлеуеті; өмір және денсаулық туралы ғылым; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша бөлінді.

Аймақтағы жаңалықтар