2024 жылғы 18 маусым мен 28 маусым аралығында Астанада ДЗМҰ жазғы мектебі өтеді
Жазғы мектеп зияткерлік меншік саласындағы сарапшыларға және ғылым мен білім берудің әртүрлі салаларындағы жас мамандарға, сондай-ақ жоғарғы курс студенттеріне зияткерлік меншіктің (ЗМ) әрбір саласында тереңірек білім алуға, сондай-ақ Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының рөлі мен функцияларын зерттеуге мүмкіндік береді.
Жазғы мектеп бағдарламасы дәрістерден, оқу жағдайларынан, имитациялық жаттығулардан және жеке тақырыптар бойынша топтық пікірталастардан тұрады. Оқу курсын сәтті аяқтағаннан кейін оқу бағдарламасының талаптарын орындаған барлық тыңдаушыларға қатысушы сертификаты беріледі.
Тіркеу мерзімі:
2024 жылғы 1 сәуір - 31 мамыр
Курсты төлеу мерзімі:
2024 жылғы 15 мамыр - 14 маусым
Өтетін орны:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А.
Жазғы мектеп гибридті форматта – оқу аудиториясында, сондай-ақ Zoom платформасында виртуалды түрде өтеді.
Қатысу үшін өтінімді түйіндемемен, мотивациялық хатпен және паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесімен бірге
сайтқа жіберу қажет.
Тіркеуге сілтеме: https://welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=wssCatalog.xhtml&lang=en&cc=WSSKZ_2024#plus_WSSKZ_2024
Тіркеу жарналары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (бұдан әрі - Qazpatent) Qazpatent-тен өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама алғаннан кейін төленеді.
Тұлғалардың келесі санаттары үшін төлем мөлшері:
i. дамушы және өтпелі экономикасы бар елдердің студенттері: 50 USD;
ii. дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдердің жас мамандары: 100 USD;
iii. дамыған елдердің студенттері: 100 USD; және
iv. дамыған елдердің жас мамандары: 150 USD.
Тіркеу кезінде сұрақтар немесе қиындықтар туындаған жағдайда бізге хабарласыңыз:
international@kazpatent.kz.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -