2024 жылғы қаңтар-шілдедегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 090,2 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 3,9%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейге қатысты алғанда 101,7%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (68,9%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 28,0%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,7%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 751,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,9%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 0,4%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 305,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,8%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 37,3%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 9,5%-ға байқалды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 29,6 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 114,6%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 23,6%-ға өсу байқалды.
Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 4,3 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 12,1%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 24,9%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде – 3,2%-ға байқалды.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 49,5%-ы), Жарма ауданында – 20,1%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 17,6%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,0%, Бородулиха ауданында – 3,5%-ы өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
Орындаушы: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы
А.Т.Майкибаева
Тел. +7 7222 52-49-18
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. Исаханова
Тел. +7 7222 52-49-18
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -