Абай ауданында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды
Абай ауданына қарасты Саржал және Медеу ауылдық округтерінде жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған он азамат баспаналы болды.
Бұл өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен аудандағы сегіз ауылдық округ пен бір елді мекенде 70 жаңа жалдамалы пәтер кезең-кезеңімен беріліп жатыр.
Кілт табыстау рәсімінде аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды көптен күткен қоныс тоймен құттықтады.
«Тұрғындардың жағдайын жақсарту – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз ауылдық елді мекендерде тұрғын үй салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды жалғастырудамыз», - деді Мейіржан Смағұлов.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, халық жүрегінен орын тапқан әндер орындалып, қойылымдар қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -