2024 жылғы қаңтар-тамыздағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
2024 жылғы қаңтар-тамыздағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 278,7 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейге қатысты алғанда 102,7%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,4%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,7%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,6%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.
2024 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 887,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 2,4%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,9%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-тамызда 353,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 102,2%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 37,6%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 7,0%-ға байқалды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 32,6 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 115,7%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 24,7%-ге өсу байқалды.
Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 4,9 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 14,2%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 30,7%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде – 3,1%-ға байқалды.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,1%-ы), Жарма ауданында – 20,0%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 17,1%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,0%, Бородулиха ауданында – 3,5%-ы өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы
А.Т.Майкибаева
Тел. +7 7222 52-49-18
Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы
Ш.А. Исаханова
Тел. +7 7222 52-49-18
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -