2024 жылдың 23-24 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасына ресми сапармен барды
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасында құқықтық ынтымақтастық және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өзара құқықтық ынтымақтастық жөніндегі меморандум халықаралық коммерциялық дауларды шешу, адвокаттық қызмет пен құқықтық көмек көрсету және өзара мүдделі басқа салалардағы ынтымақтастықты көздейді.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум зияткерлік меншікке қатысты ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды, хабарлар алмасу мен білім беруді, оқу құралдары мен бағдарламалық құжаттар және зерттеулермен алмасуды, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарына қатысты семинарлар мен конференциялар өткізуде қолдау білдіруді көздейді.
Аталған сапар аясында 23 мамырда ҚР Әділет министрі А.Н.Есқараев және Сингапур Республикасының Әділет министрі К.Шанмугам арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар өз министрліктерінің қызметі туралы баяндап, екі ел арасындағы әділет және азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -