2024 жылдың 6 айы бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу нәтижелері туралы: Астана қаласы, 05 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2024 жылдың 6 айы бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу нәтижелері туралы

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР СИМ ТРМҚ Ұлттық аккредиттеу орталығының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде 1730 аккредиттелген ұйым тіркелген: зертханалар, сәйкестікті растау органдары, инспекция органдары, біліктілікті тексеру провайдерлері және басқалар.

ҰАО 6 айда аккредиттеу субъектілері өнімдер мен қызметтерге сәйкестікті растау туралы 59 734 құжат берді, оның 11 260 – ЕАЭО сертификаттары, 29 158 – ЕАЭО декларациялары, 12 806 – KZ сертификаттары, 1101 – KZ декларациялары, 342 – қызметтерге сертификаттар, 5 067-менеджмент жүйелерінің сертификаттары.

Сонымен қатар, Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің жұмысын аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

2024 жылдың 6 айы бойынша мониторинг нәтижесінде ҰАО 32 аккредиттеу аттестаты кері қайтарылды немесе қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 14 аттестат аккредиттеу саласында уақытша жарамсыз деп танылды, 13 аттестат толығымен кері қайтарылды.

Сондай-ақ ҰАО-ның бірінші жартыжылдығында сәйкестікті растау туралы 1860 құжат (сертификаттар) қайтарып алынды. Оның ішінде 305 ЕАЭО сертификаты, 927 ЕАЭО декларациясы, 6 қызмет сертификаты, 608 KZ сертификаты, 14 KZ декларациясы.

Бұл ретте, бұрын хабарланғандай, мониторинг бойынша қызмет нәтижесінде 2023 жылы өнімдер мен қызметтердің сәйкестігі туралы құжаттарды беруді бұзудың 480 фактісі анықталды, өткен жылдың қорытындысы бойынша 50 аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды.

Мониторинг қызметі нарықты жосықсыз сертификаттаудан және сапаны жосықсыз бағалаудың басқа да түрлерінен тазартуға бағытталған аккредиттеу органы функционалының бөлігі болып табылады.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР СИМ ТРМҚ Ұлттық аккредиттеу орталығының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде 1730 аккредиттелген ұйым тіркелген: зертханалар, сәйкестікті растау органдары, инспекция органдары, біліктілікті тексеру провайдерлері және басқалар.

ҰАО 6 айда аккредиттеу субъектілері өнімдер мен қызметтерге сәйкестікті растау туралы 59 734 құжат берді, оның 11 260 – ЕАЭО сертификаттары, 29 158 – ЕАЭО декларациялары, 12 806 – KZ сертификаттары, 1101 – KZ декларациялары, 342 – қызметтерге сертификаттар, 5 067-менеджмент жүйелерінің сертификаттары.

Сонымен қатар, Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің жұмысын аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

2024 жылдың 6 айы бойынша мониторинг нәтижесінде ҰАО 32 аккредиттеу аттестаты кері қайтарылды немесе қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 14 аттестат аккредиттеу саласында уақытша жарамсыз деп танылды, 13 аттестат толығымен кері қайтарылды.

Сондай-ақ ҰАО-ның бірінші жартыжылдығында сәйкестікті растау туралы 1860 құжат (сертификаттар) қайтарып алынды. Оның ішінде 305 ЕАЭО сертификаты, 927 ЕАЭО декларациясы, 6 қызмет сертификаты, 608 KZ сертификаты, 14 KZ декларациясы.

Бұл ретте, бұрын хабарланғандай, мониторинг бойынша қызмет нәтижесінде 2023 жылы өнімдер мен қызметтердің сәйкестігі туралы құжаттарды беруді бұзудың 480 фактісі анықталды, өткен жылдың қорытындысы бойынша 50 аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды.

Мониторинг қызметі нарықты жосықсыз сертификаттаудан және сапаны жосықсыз бағалаудың басқа да түрлерінен тазартуға бағытталған аккредиттеу органы функционалының бөлігі болып табылады.

Аймақтағы жаңалықтар