2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды
Жалпы 439 өтініш келіп түсті. Бір жоба үшін гранттың максималды сомасы 350 млн. теңгені құрайды. Грант алатын барлық жобалар 2025-2027 жылдар ішінде іске асырылуы тиіс.
Бүгінгі күні Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы тіркелген өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеруде. Тексерудің қорытындысы бойынша өтініш берушілерге ескертулерді жою үшін үш күн беріледі. Ескертулер жойылғаннан кейін пысықталған өтінімдер тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кезеңіне жіберілетін болады.
ҰМҒТСО сараптамалар аяқталғаннан кейін жиынтық қорытындылар қалыптастыратын болады. Жобалардың сараланған тізімі мен құжаттар пакеті қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Ұлттық ғылыми кеңеске жіберілетін болады.
Экология, суды үнемдеу технологиясы және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасы, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, геологиялық барлау, тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, сандық және ғарыштық технологиялар, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, экологиялық, агро- және этнографиялық туризм, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік т.б. басқа да салалары бойынша жобалар іске асырылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -