2026 жылға дейін облыста 800 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында облыста атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.
«Орын алған оң өзгерістер жеткілікті. Барлығы көз алдарыңызда. Өздеріңіздің қолдауларыңызбен іске асуда. Былтырғы кездесуде айтылған ойлар мен ұсыныстар, жоспар-жобаларымыз біртіндеп орындалып келеді. Бір сөзбен айтқанда, құрғақ уәдеге салынбай, ақиқатын айтып, ақылдаса отырып, барлық мәселені бірге шешсек, елдігіміз бен бірлігіміз төрге озады. Атқарылған жұмыстар туралы үнемі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар беріп отырамыз» - деді Нұрлан Ұранхаев.
2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 750 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 100,6% -ды құрайды. АӨК субсидиялауға 17,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 7 млрд теңге берілді. Облыста 53 436 бизнес субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 1 237 — Бесқарағай ауданында. Ауданда «Aisua Trade» ЖШС Шошқалы көлінде балшықпен емдеу мекемесін салуды жоспарлап отыр.
Әкім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды. Облыста су құбыры желілерінің тозуы 51% -ды құрайды, осыған байланысты 46 жобаны іске асыру жоспарлануда. Өткен жылдан бастап 27 жобаның құрылысы басталды.
«2026 жылға дейін 92 сумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады. 2026 жылға дейін облыста 800 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Барлық жобалардың сапалы және уақтылы іске асырылуын үнемі қадағалап отыру қажет. Жұмыс менің жеке бақылауымда», - дейді әкім.
Тұрғын үй құрылысы саласында жалпы ауданы 394,3 мың шаршы метр көппәтерлі және 570 жеке үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелерінде барлық міндеттемелер толығымен орындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл 23 879 жұмыс орнын ашу көзделген. Жыл басынан бері 102 грант берілді.
Халықпен кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -