40-тан астам адам іріктеуден өтіп, түрлі санаттағы мемлекеттік аудитор сертификаттарын алды
48 адам көпдеңгейлі конкурстық іріктеуден өтіп, түрлі санаттағы мемлекеттік аудитор сертификаттарын алды. Шешім сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша қабылданды.
Мәселен, 4 үміткерге жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі, 44 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. Сонымен қатар 20 үміткерге қажетті біліктілікті беруден бас тартылды.
Жалпы сертификаттау екі кезеңнен тұрады.
Алдымен үміткерлер тест сұрақтары мен кешенді ситуациялық тапсырмалардан тұратын біліктілік емтиханы арқылы білімін растайды. Екінші кезеңде Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді, онда іріктеуге қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейі, құзыреттері мен жеке қасиеттері бағаланады.Мемлекеттік аудитор сертификатына жоғары білімі бар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде жұмыс тәжірибесі жеткілікті азаматтар үміткер бола алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -