500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды. Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу.
Шараға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Олар бұған 2 ай бойы дайындалған.Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -