6,2 млрд. теңге салықтар мен өзге де түсімдер көлеңкеден Ақмола облысының бюджетіне шығарылды
Ақмола облысында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсу резервтерін анықтау үшін құрылған комиссия белсенді жұмыс істейді. Бұл бастама көлеңкелі экономикамен күресуге және салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша 2022-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Комиссия жұмысында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін бақылау-қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдері тартылады. Ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша комиссияның күш – жігерінің арқасында көлеңкеден – 6,2 млрд.теңге салық және бюджетке түсетін өзге де түсімдер, оның ішінде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша-3,1 млрд. теңге шығарылды.
Комиссия жұмысының оң нәтижелері өңір үшін маңызды. Бюджетке қосымша қаражат тарту халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға да ықпал етеді.
2024 жылғы 11 қазанда Бурабай ауданында комиссия отырысы өтті, онда бизнес өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы салық заңнамасының нормаларын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға кірістерді заңдастырудың және қаржылық қызмет туралы сенімді ақпарат берудің маңыздылығы туралы еске салынды.
Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, комиссияның алдында әлі де көп жұмыс бар. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес облыстың барлық аудандары мен қалаларында белсенді түрде жалғасатын болады. Бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту және өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету маңызды міндет болып қала береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -