9 МАМЫРҒА ҚАРСЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 500-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫНЫНА БІРРЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ
Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл. Осыған орай облысымыздың 514 тұрғыны 9 мамырға дейін бірреттік төлем алады.
Өкінішке орай, Ұлытау облысында ҰОС ардагерлері қалмады. Дегенмен, төлемдер тағайындалған азаматтардың басқа да санаттары бар.
Атап айтар болсақ, 100 мың теңгеден 487 тыл еңбеккері (208 – Жезқазған қаласы, 175 – Сәтбаев қаласы, 38 – Жаңаарқа ауданы, 35 – Қаражал қаласы, 31 – Ұлытау ауданы) алады.
Сондай – ақ 100 мың теңгеден бұрынғы кәмелетке толмаған шағында тұтқынға түскен 3 азамат алады (2 – Жезқазған қаласы, 1-Сәтбаев қаласы).
ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің 15 жесірі (9 – Жезқазған қаласы, 6 – Сәтбаев қаласы) 50 мың теңгеден алады.
ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан қайтыс болған мүгедек адамдардың 8 жұбайы (зайыбы) (6 – Жаңаарқа ауданы, 1 – Жезқазған қаласы, 1 – Қаражал қаласы) 50 мың теңгеден алады.
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктерге бір азамат (Қаражал қаласының тұрғыны) жатады – ол 50 мың теңге алады.
Осы мақсаттарға қалалық және аудандық бюджеттерден барлығы 50 млн 200 мың теңге бөлінді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -