ОБЛЫСЫМЫЗҒА КАНАДА УНИВЕРСИТЕТІНЕН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Канада мемлекеті жоғары оқу орнының өкілдерімен кездесті. Делегация сапарының мақсаты - өңірімізде халықаралық деңгейдегі «Техникалық университет» ашу ісін жүзеге асыру.
Жиынға «Ұлытау техникалық университеті» жобасының жетекшісі Мақсұтбек Айтмағанбет, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Өңір басшысы өз кезегінде білім ордасы жобасын жүзеге асыру – Ұлытау облысы экономикасын әртараптандыруға жол ашатынын, кадр мәселесін жетілдіруде оң ықпалын тигізетінін жеткізді.
«Жаңа университет тау-кен-металлургия, IT, инженерлік технологиялар, экология және т. б. салаларға халықаралық диплом және екі дипломдық бағдарламамен кадр даярлауды жүзеге асырады деп жоспарлануда», - деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.
Техникалық университет жобасы - Канаданың маңдайалды білім ордаларымен тәжірибе алмасып қана қоймай, оқу бағдарламалары аясында студенттердің «Қазақмыс» корпорациясынан өндірістік тәжірибе алу мүмкіндігін береді. Бұл ретте үш жақты ынтымақтастық орнайды.
Жиын барысында болашақтағы ынтымақтастықтың түрлі нұсқасы, сонымен қатар жылдам нәтижеге бағыттайтын шешімдер талқыланды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған қаласында Техникалық университет салу үшін жалпы ауданы 20 га құрайтын жер телімі бөлінді және шекарасы белгіленіп, мүлікке кадастрлық төлқұжат алынды. Жалпы құрылыстың өзі 2026 жылы басталады деп күтілуде. Ал нақты қолдануға берілер уақыты жоспар бойынша 2028 жыл.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -