А. Ертаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) өткен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңес барысында вице-министр Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ведомство жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтты.
Ол бүгінгі күні республикада 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұратынын, оның ішінде: 619,8 мың адам – ересек халық, 112,3 мың адам – 18 жасқа дейінгі балалар екенін атап өтті.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде 2022 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде МӘС мамандарының көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмайтын сырттай проактивті формат енгізілді.
Биыл пилоттық режимде тәуелсіз сарапшылар институтын енгізуді апробациялау басталды. Бұл институт 2025 жылдың қаңтарынан бастап толық көлемде жұмыс істейді, бұл медициналық-әлеуметтік сараптамаға білікті медициналық кадрларды тартуға мүмкіндік береді.
«Министрлік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін трансформациялау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Ақмола және Павлодар облыстарында екі пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар дәрігерлік-консультативтік комиссияларды орталықтандыруға, жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті сырттай форматта белгілеудің ерекше тетігін енгізуге бағытталған. Арнайы тетік, ең алдымен, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, Даун синдромы бойынша енгізіледі.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп сырттай форматта куәландыруға жататын нозологиялық нысандардың тізбесін кеңейту мәселесі пысықталуда. Бүгінде бұл тізім 30-ға жуық нозологияны қамтиды», – деді Асқарбек Ертаев.
2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекстің күшіне енуінің нәтижесінде елімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді.
Биылғы 6 айда әлеуметтік инспекторлар 1771 тексеру жүргізді. Оның 528-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 260-ы жоспардан тыс, 983-і прокуратура талаптары шеңберінде болды. 642 ұйғарым берілді, 134,4 млн теңгеден астам сомаға 612 айыппұл салынды.
Баяндама барысында спикер Әлеуметтік қызметтер порталының қызметін жетілдіруге де тоқталды.
«Әлеуметтік қызметтер порталына тауарлар мен қызметтерді жіберуге қойылатын талаптар күшейтілді, жеткізушілер мен тауарлар рейтингінің жүйесі және sms-код жіберу арқылы санаторийлік-курорттық ұйымға мүгедектігі бар адамдардың келуін тіркеу жүйесі енгізілді. Болашақта кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі, жеткізушілерді порталда тіркеу тәртібі қайта қаралатын болады», – деді вице-министр.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау саясатының басым бағыттарының бірі – инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету. «Amanat» партиясының Жол картасымен 2023 жылдан 2027 жылға дейін интерактивті қолжетімділік картасында орналастырылған барлық объектілерді бейімдеу бойынша жұмыс жоспарланған. Нәтиже жоғарлай отырып, жылдық орындалу пайызы 20%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта қолжетімділік картасына енгізілген 43 083 нысанның 16 541 нысаны немесе 38,4% (жыл соңына дейінгі жоспар – 40%) толық бейімделген.
118 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету (бұдан әрі – АӘҚ) орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде орталықтардың қолданыстағы стандарттардың нормаларын сақтамауына (тұрғын үй-жайлардың ауданы, тамақтану нормалары мен талаптарының бұзылуы, дәрілік заттарды тағайындау және беру және т.б.) қатысты 400-ден астам сәйкессіздіктер анықталды.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу туралы заң қабылданды.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша біліктілік талаптары бекітілді. Лицензияларды алу процесін толығымен цифрландыру және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап АӘҚ көрсету орталықтарының бизнес-процестерін цифрландыру басталды. Бүгінгі таңда 14 өңірде 117 орталықтың қызметі цифрландырылды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшеді. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» жаңа кәсіби стандарты бекітілді. Оқыту модульдері дайындалды. Жоғары оқу орындары мен колледждермен оларды әлеуметтік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру процесіне тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Өңірлер әлеуметтік қызметкерлердің оқудан өтуін қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың ұлттық орталығының базасында Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін тану орталығы құрылады. Осы жылдың қыркүйек айында әлеуметтік қызметкерлер Skills.enbek.kz платформасында онлайн-курстардан және онлайн-прокторинг жүйесі арқылы тестілеуден өтеді», – деді Асқарбек Ертаев.
Еңбекмині мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу жүзеге асырылады. Ол мүгедектігі бар адамдарға қатысты саясаттың медициналық-әлеуметтік-әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуге бағытталған.
Қазіргі уақытта сарапшылар Тұжырымдама жобасымен жұмысты аяқтауда, биыл қыркүйек айында ол өңірлерге танысу үшін жіберілетін болады.
«Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жоғары технологиялық құралдарымен қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертуді көздейтін әлеуметтік саланы дамытудың Ұлттық ғылыми орталығын трансформациялау басталды. Еліміздің 4 өңірінде «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» пилоттық жобасы іске қосылды», – деді вице-министр.
Осы жоба бойынша халық арасында оң пікірді ескере отырып, Асқарбек Ертаев оны басқа өңірлерде одан әрі масштабтауды ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -