Ақкөл ауданы ауылдарының тұрғындары 2025 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Тұрғындарды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше елді мекендерде желілерді қайта құру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Ақкөл ауданының құрылыс бөлім басшысының м.а. Айжан Дәукенованың айтуынша, бүгінгі таңда елді мекендер бойынша 27 мың шақырымнан астам су құбыры желілері реконструкцияланды, 153 құдық орнатылды, ұңғымаларды бұрғылау, 2 көтеру сорғы станцияларын салу, резервуарларды монтаждау, ұңғымаларды қоршау жұмыстары орындалды. Жобаларды аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Қына, Домбыралы, Кеңес, Талқара, Амангелді, Өрнек, Жалғызқарағай ауылдарында су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, жобаны іске асыру 3 мыңнан астам ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -