Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды
Көкшетауда облыс әкімі Марат Ахметжанов пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің, бастауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының қатысуымен Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау болды. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ермек Нұғманов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Ермек Бекенұлы Ақмола облысына қарасты Ерейментау, Жақсы, Бұланды және Біржан сал аудандарының әкімі, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшы болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, сонымен қатар Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасының қызметін атқарды.
Ермек Нұғмановты ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайлануымен құттықтаған өңір басшысы аға буын өкілдеріне алаңдаушылық білдіріп, өңірде болып жатқан әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық-саяси үдерістерге оң ықпал етіп, көптеген әлеуметтік маңызы бар оқиғаларда белсенді атсалысқандары үшін алғыс айтты.
«Қазір үлкен мүмкіндіктер уақыты. Ел билігі, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар халықтың мұң-мұқтажына дер кезінде жауап беру үшін күш біріктіруі керек. Елімізге оң өзгерістер енгізудің тірегі – аға буын», – деп атап өтті М.Ахметжанов.
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы өз сөзінде Ермек Нұғмановты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, ардагерлер ұйымдарына үлкен жауапкершілік жүктелетінін, олар ел халқына өз қызметімен, шынайы патриоттық сезімімен жас ұрпаққа үлгі болуы керектігін атап өтті.
Пленум соңында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерін облыс әкімінің алғыс хаттарымен және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасының атынан Құрмет грамоталарымен және қолтаңбаларымен марапаттау рәсімі өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -