Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы
2024 жылдың 9 айында Департамент 52 аудиторлық іс-шара өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша қаржылық есептілік және мемлекеттік сатып алу аудитін қоса алғанда, жалпы сомасы 7,85 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
1,03 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;• 6,82 млрд теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар;• 1,63 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу.2024 жылдың 9 айындағы нәтижелерді талдау көрсеткендей, бұзушылықтардың негізгі себептері: орындалмаған жұмыстар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге бюджет қаражатын негізсіз аудару (708,4 млн теңге немесе 68,7%), бухгалтерлік есепті жүргізудегі қателіктер (230,1 млн теңге немесе 22,3%) және жалақы, іссапар шығындары, сыйлықақылар мен әлеуметтік төлемдерді негізсіз төлеу (92,3 млн теңге немесе 9%).
Мұндай бұзушылықтардың бір мысалы — “Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ-де Целиноград ауданындағы “Есіл өзенінің арнасын түбін тереңдету, түзету және кеңейту” жобасы бойынша 260,2 млн теңгеге анықталған бұзушылықтар. Осыған ұқсас бұзушылықтар “Атбасар ауданының құрылыс бөлімі” ММ және “Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі” ММ-де жалпы сомасы 253,9 млн теңге көлемінде анықталды.
“Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-де 229,1 млн теңге сомасына бухгалтерлік есепті жүргізудегі бұзушылықтар тіркелді. Ал “Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ-де бос лауазымдардың болмауына байланысты 16,8 млн теңге сомасына негізсіз қосымша төлемдер жасалғаны анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 46 нұсқама жіберілді, оның 30-ы орындалды. 55 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 278 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 26, 2 млн теңге айыппұлдар толықтай бюджетке төленді.
Прокуратура органдарының бастамасымен 11 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 520,6 млн теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -