Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
Әр жылдары электр желілік компанияларында түрлі лауазымдарды атқарған, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, «Астана РЭК» АҚ басқарма төрағасы, Астана қаласы энергетика басқармасының басшысы болды және жеке меншік ұйымдарда жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін 2023 жылғы желтоқсаннан бастап Бурабай ауданы әкімі орынбасарының лауазымын атқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -